- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада танысының көлігін...
Астанада танысының көлігін заңсыз айдап кеткен азамат жол апатына тап болды
Астанада танысының Chevrolet Cobalt автокөлігін заңсыз айдап кеткен азамат жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде ППП қызметкерлері 27 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында белгілі болғаны, ер адам түнгі уақытта Өзен көшесіндегі үйдің ауласында курстасы мен оның жанындағы жәбірленушіні кезіктірген. Әңгіме барысында мас күйде болған қаскүнем көлік иесінің қолынан кілтті тартып алып, аталған көлікті айдап кеткен.
Алайда ол алысқа ұзап үлгермей, көрші көшедегі үйдің қоршауына соғылған. Келтірілген материалдық шығын 2 миллион теңгеге жуық.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан