Астанада танысының көлігін сатып жіберген тұрғын ұсталды

Астанада танысының көлігін сатып жіберген тұрғын ұсталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астана қаласының криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша 29 жастағы тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдікті бұрыннан таныс азаматтың сеніміне кіріп, оған тиесілі ақ түсті Toyota Camry көлігін суретке түсірген. Кейін осы суреттерді пайдаланып, көлікті өзге танысына ұсынып, арзан бағаға сатқан.

Алайда көлік өзіне тиесілі емес екенін және оны сатуға ешқандай құқығы жоқ екенін сатып алушыдан жасырған. Салдарынан көлік иесіне 11 миллион 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын келген.

Жәбірленуші полицияға жүгініп, кейін күдікті ұсталды.

"Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерекке қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget