- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада танымал мейрамханалар...
Астанада танымал мейрамханалар желісінде адамдар уланып, қылмыстық іс қозғалды
Астанада Okadzaki тамақтану желісінің бірінде болған жаппай уланудан кейін қылмыстық іс қозғалды. Қазір Астана полициясы қажетті сараптамаларды тағайындап, сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.
Осыдан бір апта бұрын 37 адам, тағамнан уланып, жоспардан тыс тексеру басталған. Сушидің түр-түрін әзірлейтін Okadzaki желісі алғаш рет дауға қалып отырған жоқ. 2022 жылы да осы мейрамхана желісінің бірінде 100-ге жуық адам уланған. Кейін қылмыстық іс қозғалып, соттың шешімімен 1 миллион 100 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Желіге тиесілі бір нысан қызметін тоқтатқан. Ал, жаңа жыл алдында уланған 37 адамның оқиғасына қатысты нысанда санитарлық талап сақталмаған деген болжам бар.
"Аталған факті бойынша Есіл аудандық Полиция басқармасы ҚР ҚК 304 яғни, санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысы Астана қаласы ПД басшылығына бақылауға алынды", - деді Астана қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Гүлмира Шрахметова.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы