Астанада тамыздың аяғында қар жауды

Астанада тамыздың аяғында қар жауды
Фото: Видео кадры

Ақмола облысының Макинка ауылы маңында 30 тамызда қар жауды. Куәгерлер "Астана – Көкшетау" тасжолынан түсірілген видеоны әлеуметтік желіге жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрларда жол жиегін қар басқаны анық көрінеді.

"Бүгінгі ауа райына қараңыздаршы. Қар жауып тұр. Бүгін 30 тамыз ғой, кім ойлаған", – дейді видео авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nayza Kokshe (@nayza_kokshe)

Бұған дейін Қазгидромет синоптиктері Қазақстан аумағына батыс антициклон жылжып келе жатқанын ескерткен еді. Суық ауа массалары әсер еткен бұл антициклон еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының едәуір төмендеуіне себеп болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек
Logotype Massaget