Астанада такси ішінде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жолаушы құқыққа қайшы әрекет жасағанын анықтаған.
Жарияланған бейнежазбада ер адам көлік салонында қызға тиісіп, балағат сөздер айтқаны естіледі.
"39 жастағы ер адам анықталды. Оған қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды", - деді ІІМ өкілдері.
Сот шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова