Астанада такси қызметтерінің бірінің жүргізушісі жолаушымен жанжалды ұялы телефон камерасына түсіріп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Оқиға Астана қаласыдағы Жеңіс көшесі, 72-үйде болғаны айтылған.
Кадрларға қарағанда, жанжал жүргізуші жолаушыны сұраған жеріне емес, басқа жерге түсірген соң шыққан.
Ескерту, видеода балағат сөздер бар!
Астана полиция департаменті жолаушы мен такси жүргізушісі арасындағы жанжал туралы хабарлама түскенін мәлімдеді.
"Жүргізуші мен жолаушы полиция бөліміне жеткізілді. Екі тарап бір-бірінің үстінен арыз жазды. Жүргізушіге қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз