- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада такси жүргізуші...
Астанада такси жүргізуші кәсіпкерді алдап кеткен
Астанада жеке кәсіп иесін алдап кеткен такси жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияға жеке кәсіп иесі алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып, арызданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен елорданың 29 жастағы тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында ер адам такси жүргізуші болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Жәбірленуші оны курьер ретінде жалдап, бірнеше кілемдерді клиенттердің үйлеріне жеткізіп беруді тапсырған. Жуылған кілемдердің ақшасын курьер жинап, соңында жеке кәсіп иесіне әкеліп берген.
Осылайша, жәбірленушінің сеніміне кірген ер адам ертеңгі күні тағы да осындай тапсырыс алған, алайда клиенттердің ақшасын өз қалтасына салып, байланысқа шықпаған. Келтірілген материалдық шығын - 232 мың теңге. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ер адамның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуды. Астана қаласы полиция департаменті сақ болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина