Астанадағы тұрғын үй кешенінің қасбетін жел ұшырып әкетті. Құрылыс материалы балалар алаңына құлаған. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.
Төтенше жағдай болған үй 11 жыл бұрын салынған. Әкімдік бүлінген үйді жөндеуді тұрғындардың мойнына ілген.
"Қазір тұрғын үй кешенін басқаратын компания жөндеу жұмысының құнын есептеп, қасбетті қалпына келтіру үшін өнеркәсіп альпинисін тарту мәселесін қарастырып жатыр. "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР заңының 34-бабына сәйкес пәтер иелері ортақ мүлікті күтіп ұстау міндетін өздері көтереді", - деді Астана әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі.
Еске салайық, 2025 жылы 18 қарашада Астанада жедел жәрдем фельдшері қайтыс болды. Бұған дейін ол тұрғын үйдің қасбеті мен кондиционер құлаған кезде зардап шеккені айтылған еді. Бұл жайт 8 қарашада болды. Марқұм небәрі 23 жаста болған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова