Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ көшесінің сол жағы бойынша Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жол төсемінің үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізілетіні туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осыған байланысты 28-30 тамыз аралығында жоғарыда көрсетілген учаске жартылай жабылады. Бұл ретте қозғалыс жолдың оң жағымен екі бағытта қамтамасыз етіледі.
"Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!