Астанада азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Асель Досаева мас күйде көлік айдап ұсталды деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, рейдтік іс-шаралар барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы автокөлікті тоқтатқан.
"Сараптама нәтижелері бойынша жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды, тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Астана сотының баспасөз қызметі іс материалдары сотқа түспегенін атап өтті.
"Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, судья ұсталмайды, өйткені ол үшін белгілі бір рәсімдер көзделген", - деп хабарлады Астана соты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек