Астанада полиция субұрқақ саптамаларын қолды қылған күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түнгі уақытта елорда саябақтарының бірінде белгісіз ер адам субұрқақтың үш дана саптамасын ұрлап әкеткен, осылайша 1 млн теңгеден астам көлемде материалдық шығын келтірген.
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері мойындау көрсетпелерін берген 25 жастағы ер адамды анықтады. Ол субұрқақ саптамаларын металл қабылдау пунктіне өткізгенін мойындады.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!