Астанада студент сүйіктісін құттықтаймын деп бес тәулікке қамалды

Астанада полицейлер дәмханалардың бірінің маңында пиротехникалық бұйымдар қолданылғанын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ЖОО-лардың бірінің студенті сүйіктісін туған күнімен ерекше құттықтау мақсатында дәмхана маңында пиротехникалық бұйымдарды іске қосқан.

Алайда тосынсый әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқты.

"Құқық бұзған адам ұсақ бұзақылық және пиротехникалық бұйымдарды қолдану дерегі бойынша бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған бес тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды", - деді ПД өкілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз