Әлеуметтік желілерде Астананың спорт кешендерінің бірінде қайғылы жағдай болғаны туралы ақпарат пайда болды. Желіде тараған ақпаратта жаттығудан кейін құқық қорғау органдарының қызметкері қайтыс болғаны айтылады. Астана полиция департаментінің өкілі осы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жаттығудан кейін сыртқа шыққан кезде ер адам есінен танып қалған.
"Жедел жәрдем бригадасы дереу жансақтау шараларын қабылдады, бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Медициналық қорытындыға сәйкес өлімнің себебі миокард инфарктісі болды. Қызметкердің қаза болу дерегі бойынша соталды тергеу басталды", - деп мәлімдеді ведомство өкілі.
Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, марқұм 1983 жылғы.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жанжал кезінде жарақат алған полицей ауруханада көз жұмғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!