Астанада сол жағалаудағы тұрғын үй кешендерінде электр қуаты қалпына келтірілді

Астанада сенбіде қосалқы станциядан шыққан өрт салдарынан жарықсыз қалған сол жағалаудағы барлық тұрғын үйге жарық берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Astana news-ке сілтеме жасап.

"Астана-РЭК" АҚ жедел бригадалары РП-217-дегі электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Сағат 21:19-да шектеу толық алынды. Барлық тұрғын үй кешеніне электр энергиясы берілді", – делінген хабарламада.

Еске салайық, 22 қарашаға қараған түні Астананың сол жағалауындағы бірқатар тұрғын үй қосалқы станциядан шыққан өртке байланысты жарықсыз қалған еді. Электр "Зелёный квартал", "Аура", "Асыл Мұра", Freedom, GreenLine, Greenline Astra тұрғын үй кешендерінде болмаған. Сағат 15:15-те бес тұрғын үй кешеніне электр энергиясын беру қалпына келтірілген еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!