Астанада синтетикалық есірткі өндіріп жүрген зертхана жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауды деген күдікпен астананың 2 тұрғыны ұсталды.
Тінту барысында шамамен 80 мың бір реттік дозаға бара-бар 27 келіден астам "мефедрон" психотроптық заты, сондай-ақ 1 тоннадан артық прекурсор алынды. Алынған есірткі құны "қара нарықта" 540 миллион теңгеге бағаланады.
Фото:ҰҚК
Одан бөлек, Астана қаласында басқа аудандарында зертхана жабдығы бар 40 футтық екі контейнер табылды, тергеу нұсқасы бойынша, олар бірнеше осыған ұқсас өндірісті ұйымдастыру үшін арналған.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!