Астанада 28 маусымнан бастап Шыңғыс Айтматов көшесінде жөндеу жұмыстары басталады. Жөндеу Қайым Мұхамедханов көшесінен Қорғалжын тасжолына дейінгі аралықта жүргізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, бұл бөлікте көлік қозғалысы 5 шілдеге дейін ішінара шектеледі. Қозғалыс кезең-кезеңімен екі бағытта, бірақ көшенің бір жағы арқылы ұйымдастырылады.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздік пен қолайсыздықтарды азайту мақсатында жөндеу жүріп жатқан аумақта уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады", - деп мәлімдеді басқармада.
Тұрғындардан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, қалалық сапарларын жоспарлағанда ескеруді сұрайды.
Тағы қай көшелерде жөндеу жүріп жатыр?
Еске салайық, елордада жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Соған байланысты бірқатар көше толық немесе ішінара жабылған:
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!