Астанада қауіпті дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тексеріс барысында дрифтті BMW көлігі жасағаны анықталған. Көлікті 29 жастағы шетел азаматы басқарған. Ол қауіпті маневр жасағаны, көлікті пайдалану қағидаларын бұзғаны, сондай-ақ, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған.
Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.
"Мұндай құқықбұзушылықтардың барлығы қатаң түрде тоқтатылып, кінәлілер заңға сәйкес міндетті түрде жауапқа тартылады", - деді ІІМ өкілі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!