Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған шетел азаматы 15 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қоғамдық орында дәрет сындырған 38 жастағы шетел азаматы ұсталған. Бұл жағдай ботаникалық бақ аумағында болған. Ер адам қонақтардың көзінше көгал үстіне дәрет сындырып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, айналасындағыларға ашық түрде құрметсіздік танытқан.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетіп, әкімшілік материал рәсімдеген.
"Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адамға 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындады", - Астана ПД өкілі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!