Астанада шетел азаматы мектеп оқушысының телефонын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл оқиға мектеп оқушысы сабақтан үйіне қайтып бара жатқан кезде болған. Күдікті автобусқа мінгелі жатқандай кейіп танытып, қыз баланың күртесінің қалтасынан ұялы телефонды білдіртпей алып, оқиға орнынан ізін суытқан.
Оқушы телефоны жоғалғанын автобустан түсер кезде ғана байқаған.
"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотты болған 29 жастағы шетел азаматын ұстады. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді Астана ПД өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!