Астанада шалшық суда ішімдік ішкен екі ер адам қамауға алынды

Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында қоғамдық тәртіпті бұзған екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тұрғын үй кешенінің ауласындағы шалшық суда отырған екі ер адам ішімдік ішіп, суды балаларға қарай шашып жатқан видео тарады.

Желі қолданушылары "Несиесіз, ипотекасыз және жалдамалы пәтерсіз өмір" деп әзілдеп, жазбаны бөліскен. Алайда бұл әрекет құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмады.

Видео кадры

Тексеріс нәтижесінде олар 37 жастағы А.С. мен 35 жастағы В.Л. екені белгілі болды. Екеуі де ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қоғамдық орындарда мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертіп, азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз