- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада шахматтан Қазақстан...
Астанада шахматтан Қазақстан мен əлем құрамасы арасындағы матч басталды
Бүгіннен бастап Астанада шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы мен əлемнің ең мықты шахматшылары мықтыны анықтайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ойындар 19 сәуірге дейін Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) ғимаратында өтеді. Ертеңгі кездесулер Астана уақытымен сағат 14:00-де, 19 сәуірде сағат 10:00-де басталады. Екі кұрама əуелі 2 күн рапидтен, сосын бір күн бойы блицтен шеберлік байқасады.
Еліміздің құрамасын гроссмейстер Гүлмира Дәулетова, ал әлем мықтыларын гроссмейстер, Латвияның бұрынғы қаржы министрі Дана Рейзниец-Озола бастайды.
Қазақстан құрамасы: Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдумәлік, Динара Сәдуақасова, Меруерт Камалиденова, Лия Құрманғалиева, Ксения Балабаева, Алуа Нұрманова, Зарина Нұрғалиева.
Əлем құрамасы: 4 дүркін әлем чемпионы Хоу Ифань (Қытай), сондай-ақ Нана Дзагнидзе (Грузия), Харика Дронавалли (Үндістан), Гюнай Мамезаде (Әзірбайжан), Нургюл Салимова (Болгария), Жока Гаал (Мажарстан), Савита Шри Би (Үндістан), Афруза Хамдамова (Өзбекстан).
Жалпы мұндай матч - әлемдік шахмат тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға. Бұған дейін 1970, 1984 және 2002 жылдары КСРО мен Ресей әлемнің ерлер құрамасын шақырып, кездесу өткізген.
Жанкүйерлер ойындарды тегін кіріп, көре алады. Ол үшін мына жерде болмаса фан-зонада тіркелу қажет. Кіретін кезде жеке куəлік көрсету міндетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан