- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада сейфтен зергерлік...
Астанада сейфтен зергерлік бұйымдар ұрлаған қыз ұсталды
Астанада сейфтен зергерлік бұйымдар ұрлаған қыз ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, сейфтен алтын бұйымдардың жоғалғанын жеткізген. Алматы ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа жәбірленушінің туысқанының қатысы бар екенін анықтаған.
Тергеу барысында 21 жастағы қыздың туыстарының үйінде уақытша тұрып жатқаны және сейфтің кілттерінің қайда орналасқанын білетіні белгілі болды. Қожайындарының жоқтығын пайдаланған күдікті шамамен 3 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын алып ізін суытқан. Ол ұрланған заттарды ломбардқа тапсырып, басқа қалаға кетіп те үлгерген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты заттар алынды. Оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина