Астанада саябақта қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Астанада саябақта қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Фото: Хабар 24

Астанада саябақтардың бірінде тұрғынға шабуыл жасалды деген хабарламадан кейін 27 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Зардап шеккен қыздың туыстарының айтуынша, 29 шілдеде таңертең белгісіз ер адам саябақта артынан келіп шабуыл жасаған және күш қолданбақ болған. Қыз қарсылық көрсетіп, қатты айқайлағаннан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Жәбірленуші оның видеосын түсіріп үлгерген. Осы оқиғадан кейін жәбірленуші полицияға арыз берген.

Астана Полиция департаменті хабарлама түскен бойда жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеді. Нәтижесінде күдікті анықталып, оның 27 жастағы ер адам екені белгілі болды.

"Ол ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары соттың қарауына жолданды", - деді полиция.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget