Елордада Astana Mall сауда үйінің маңында бос жерден қыздың мәйіті табылды. Астана полиция департаменті өкілдері бұл ақпаратты растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана полиция департаменті өкілдері елордада қылмыстық ахуал тұрақты екенін айтты. Қоғамдық тәртіпті сақтау және заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікте.
"Бос алқаптан зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйіт табылған соң, елордалық полиция соталды тергеуді бастады. Тергеу-жедел шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды", - деп жауап берді полицейлер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!