- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада сауда орталықтарының...
Астанада сауда орталықтарының бірінде тыр жалаңаш жүгірген ер адам тұрғындарды шошытты
Астанадағы Mega Silk Way сауда орталығында тыр жалаңаш жүгірген ер адам тұрғындарды шошытты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның неге мұндай әрекетке барғаны белгісіз. Оқиға видеосы Instagram-парақшалардың бірінде тарады.
Желі қолданушылары ер адамның әрекетіне түрлі пікір қалдырған.
"Барлық несиесін жапқан шығар";
"Сөзсіз, күз әсер етіп жатыр";
"Бәс тіккен шығар", - деп жазған олар.
Пікір жазғандар арасында ер адамды көзбен көргендер де бар.
Massaget.kz тілшісі бұл оқиғаға қатысты пікір алу үшін Астана Полиция департаменті өкілдеріне сауал жолдады.
"102 арнаға сауда ойын-сауық орталығында тыр жалаңаш ер адам жүгіріп жүр деген хабар келіп түсті. Оны қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері тоқтатты. Патруль полицейлер оның жеке басын анықтады. 28 жастағы ер адам медицина қызметкерлеріне тапсырылды", - деп жауап берді полиция қызметкерлері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек