Астанада сауда орталығынан өрт шықты

Астанада "Ажар" сауда орталығынан өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана қаласының ТЖД күштері мен құралдары жеткен кезде, Байқоныр ауданында орналасқан 2 қабатты "Ажар" сауда үйінің 3 сауда бутигінің жанып жатқаны анықталды.

Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Барлығы 4 жауынгерлік учаске жұмыс жасауда.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт болған кезде ішінде адамдар болған жоқ.

 
Өрт алдын ала 80 шаршы метр алаңда оқшауланды.

Өрт толығымен нақтыланған ақпарат бойынша 60 шаршы метр алаңда жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өртті жоюға ТЖМ күштер мен құралдарының жеке құрамынан 65 адам мен 14 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!