Астанада ірі сауда желілерінің біріне тиесілі тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау схемасы әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыстық топ сауда желісінің бұрынғы қызметкерлерімен келісе отырып, электрон сату жүйесіне заңсыз кіру мүмкіндігін пайдаланып, екі жыл ішінде жалпы сомасы 450 млн теңгеден аса тауарды ұрлаған.
Қылмыстық жолмен алынған техника елеміздің бірнеше қаласында сатылған.
"20-дан аса тінту іс-шаралары өткізілді, 120-дан аса түрлі техника, оның ішінде белгілі өндірушілердің ондаған ұялы телефоны, ірі көлемде ақша, травматикалық тапаншалар және әртүрлі калибрлі патрондар тәркіленді. Соталды тергеп-тексеру аса ірі мөлшердегі ұрлық және алаяқтық деректері бойынша жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!