Астанада Сарыарқа сауда орталығында өрт шықты

Астанада Сарыарқа сауда орталығында өрт шықты
Фото: Tengrinews.kz

Астана қаласының өртсөндірушілері Нұра ауданындағы Тұран даңғылында орналасқан сауда үйіндегі өртті сөндіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, өрттің шамамен ауданы 100 шаршы метр болады. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

ТЖМ-нің 11:23-тегі мәліметінше, өрт ауыздықталған.

"Өрт 2 қабатты қосымша ғимаратта шықты. Құрылыс материалдарын талдау жұмысы жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget