Астанада Сарыарқа даңғылының учаскесі жартылай жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Астана қаласы Сарыарқа даңғылы бойынша Шевченко көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде мердігер ұйым өз қаражаты есебінен асфальтбетон жабыны жөнінде анықталған ескертулерді жою шеңберінде жол жабынының жоғарғы қабатын ауыстыру жұмыстарын жүргізеді", - деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 13-16 тамыз аралығында аталған учаскедегі Сарыарқа даңғылы ішінара жабылады. Жұмыстар жолдың ішінара жабылуымен кезең-кезеңмен жүргізіледі. Бұл ретте қиылыстар ашық болады.
Әкімдік Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды ескертті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз