• 497.95
  • 490.7
  • 5.49

Астанада сарбазды атып өлтірген офицерге қатысты сот үкімі шықты

Астанада сарбазды атып өлтірген офицерге қатысты сот үкімі шықты
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта кісі өлтірді деп айыпталған лейтенант Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың қыркүйегінде взвод командирі Д. өзіне сеніп тапсырылған Макаров тапаншасымен қатардағы жауынгер Б-ны атып өлтірді. Сотталушының кінәсі оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалармен, куәгерлердің айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен және сараптама қорытындыларымен дәлелденген.

Сотталушы кінәні ішінара мойындады, оның қатардағы жауынгерді өлтіргісі келмегенін, бірақ қаруды қолдануда абайсыздық болғанын айтты. Жәбірленушілер сотталушыны заңның барлық қатаңдығымен жазалауды сұрады.

Сот Д-ны кінәлі деп танып, оны 13 жылға бас бостандығынан айырды. Жәбірленушінің пайдасына сотталғаннан 20 миллион теңге көлемінде моральдық және материалдық зиян өндірілді. Сонымен қатар ол лейтенант әскери атағынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, қайғылы оқиға 7 қыркүйекте Оймаша полигонында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің жиындары кезінде болды. Сағат 17:10 шамасында лагерь кезекшісі мерзімді қызмет сарбазы Марат Барқұловтың бетіне оқ атқан. Сарбаз қалалық ауруханаға жеткізілді, бірақ жолда қайтыс болды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жапатова