19 сәуірде Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің біріне құрылыс краны құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті өкілдері растады.
"19 сәуірде сағат 09:25 шамасында Астанада, Комсомольский, Ақын Сара көшесі 53 учаскесі мекенжайындағы Inshaat Invest ЖШС-нің "Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені" құрылыс учаскесінде жүкті көтеру кезінде QTZ-63 мұнара кранының секциясы бұзылды", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Аварияның алдын ала себебі - шамадан тыс жүктеме.
Қазір оқиға орнында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Департаменттің жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен аварияны тергеу жөніндегі комиссия құралады.
Тергеу нәтижелері қосымша хабарланады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!