Астанада Сарайшық ауданындағы А-32 көшесінде салынып жатқан 12 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Бірінші қабаттан жетінші қабатқа дейінгі жылу оқшаулағыш материал өртенген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Өртсөндірушілер оқиға орнына жеткен бойда өрт сөндіру желілері тартылып, су үздіксіз беріле бастады.
Зардап шеккендер жоқ.
Материал 2026 жылғы 6 қыркүйекте сағат 14:51-де толықтырылды. Сағат 14:50-де ТЖМ өрттің толық сөндірілгенін мәлімдеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!