Астанада ресейлік азамат қазақстандықтарға пана болды

Астанада ресейлік азамат қазақстандықтарға пана болды

Астанада ерекше оқиға болды. Ресейлік Остап Парфенов баспанасыз қалған қазақстандықтарға пана болды. Пәтер иелері жалдау ақысын екі есе көтерген, ал жалға алушылар қажет соманы төлей алмай, пәтерден шығып қалған. Жігіттер Парфеновтен тегін тұруға ұсыныс алғанша, кейде көлікте ұйықтауға мәжбүр болған, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle

Остап Парфенов - ТikТok-та танымал тректердің авторы. Музыкант әлеуметтік желілерді белсенді жүргізеді, Instagram-да 32 мың оқырманы бар, ал ТikТok-та оның парақшасын бір миллион 100 мың адам қарайды.

@ostapparfenov ПРИКЛЮЧЕНИЯ ОСТАПА В КЗ??? #остаппарфенов ♬ оригинальный звук - ОСТАП ПАРФЁНОВ?

Ресейлік Қазақстанға қыркүйекте Уфадан келген. Ол Астанада тұрады, 280 мың теңгеге бір бөлмелі пәтерді жалға алған. Музыкант өзінің жаңа таныстары баспанасыз қалғанын білгенде, үйіне шақыруды ұйғарған. Жігіттің сөзінше, бұл - жылы қабылдағаны үшін, сондай-ақ, ЖСН алуға кезекте тұрғанда, тегін шай мен бауырсаққа алғыс білдіргені. Парфеновтің үйінде астаналықтар бір тәулік болған, сөйтіп, олардың тұрғын үй мәселесі шешілген.

"Жігіттер, қазақтарды паналаттым. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстандағы пәтерлердің бағасы шарықтап кетті. Ең жағымсыз нәрсе - үй иелері пәтер тұрғындарын қуып шыға бастауы. Яғни, пәтердің құны 100 мың теңге болды делік, жалға беруші "енді 250 теңге болады" дейді. Бұл адамшылық емес. Көптеген студентті жай ғана қуып шықты. Жігіттермен таныстым, бір жігіт оператор екен, бірге TikTok түсіруді шештік. Ол маған өз оқиғасын айтып берді, олар пәтер жалдап жүрген, бірнеше күн бұрын оларды қуып жіберген. Үй иелері бағаны екі есе көтерген. Екі күн көлікте, басқа жерде тұрған. Ойландым. Қазақтар маған өте жақсы қарады. ...Енді менің кезегім. "Қалайсың?" деген жаңа сөз үйрендім ", - деді ресейлік ТikТok-парақшасында.

Мұндай әрекетке Желі қолданушылары жағымды пікірлер жазған.

"Респект!", "Жарайсың", "Бауырым, "теңге" дедің бе? Шынында да, орыссың ба?", "Ақылды жігіт. Ең бастысы - адам болып қалу", - деп жазған Желідегілер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова