- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада референдум күні...
Астанада референдум күні автобуспен жүру тегін болады
Фото:
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Астанада референдум күні автобуспен жүру тегін болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
6 қазанда Астана қаласында республикалық референдум өтетін күні, қала және қала маңы бағдарларында жол жүру тегін болады.
Қоғамдық көлік сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді.
7 қазаннан, дүйсенбі, қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді.
Айта кетейік, АЭС салу мәселесіне қатысты Ұлттық Референдум 6 қазанда өтеді. Ол үшін Қазақстан 15,5 млрд теңге жұмсамақ.
Референдумда тек бір сұрақ қарастырылады: "Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сұрақ қана болады. Басқа сұрақ жоқ. "Иә", "жоқ" деген жауап болады".
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина