Астанада пошта сәлемдемелерінен есірткі табылған

Астанада пошта сәлемдемелерінен 4 рет есірткі табылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Пошта арқылы жіберілетін сәлемдемелерді иісшіл итпен тексеру кезінде 4 рет есірткі табылды.

Алматыдан келген 4,9 келі мефедрон тәркіленді. Сондай-ақ Батыс Аустралиядан жеткізілген үрлемелі матраста 914 грамм марихуана жасырылған. Осы іске қатысты 4 адам ұсталды.

Бұдан бөлек, Таиландтан келген сәлемдемеде 998,43 грамм кептірілген марихуана анықталды. Иран азаматының пәтерінен тінту кезінде Ұлыбританиядан пошта арқылы жіберілген 151,20 грамм кептірілген марихуана тәркіленді.

Осы істерге қатысты 6 есірткі таратушы ұсталып, оның ішінде 1 адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қалғандарына қатысты тергеу әлі жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!