Полиция Астанадағы қыздардың күзетшілермен болған төбелесінің мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"15 шілдеде "Шарын" базарында болған жанжалға байланысты ұсталғандар Сарыарқа аудандық Ішкі істер басқармасына жеткізілді. 29 және 25 жастағы қыздарға қатысты тергеу амалдары жүргізілді", - деді ІІД өкілдері.
Айта кетейік, медициналық сараптама нәтижесінде қыздардың мас болғаны анықталды. Осы дерек бойынша материал сотқа жіберілді.
Бұған дейін Астанада куәгер ұялы телефон камерасына қыздардың күзетшілермен болған қақтығысын түсіріп, "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі өз парақшасына жариялағаны хабарланған. Ролик авторының айтуынша, оқиға Астанадағы "Шарын" базарында болыпты. Бірінші видеода нәзік жандылар күзетшіге бірдеңелер лақтырып жатады. Ал екінші роликте төбелеске бір жігіттің араласып жатқанын көруге болады.
Ескерту! Былапыт сөз айтылады!