Астанада полиция екі велосипед ұрлығына қатысы бар бойжеткенді ұстады

Астанада полиция екі велосипед ұрлығына қатысы бар бойжеткенді ұстады

Астананың Алматы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі велосипед ұрлығына қатысы бар 22 жастағы Астана тұрғынын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Анықталғандай, ол күндізгі уақытта тұрғын үйлердің кіреберістеріне кіріп, еш кедергісіз велосипедтерді ұрлап отырған. Осылайша, Кордай көшесіндегі үйдің кіреберісінен ол құны 65 мың теңге Kston 29 велосипедті ұрлап кеткен. Оперативтік қызметкерлер велосипедті тауып, иесіне қайтарды.

Тағы бір жағдайда ол Петрова көшесінде үйдің кіреберісінен Teres спорттық велосипедін ұрлап, оны көшедегі бейтаныс адамға сатып жіберген. Полиция қызметкерлері бейнежазбалар арқылы күдіктіні анықтай алды. Велосипед иелері қарапайым қауіпсіздік шараларын қолданбағандықтан, оны ұрлау оған қиындыққа түспеді. Қыз жай ғана ұнаған велосипедті таңдап, алып кеткен.

Күдікті өз кінәсін мойындады, қылмыстық іс қозғалды. Оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан