- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада Полиция департаментінің...
Астанада Полиция департаментінің қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана Полиция департаментінің жол-патрульдік қызметі ротасының командиріне қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Лауазымды адам азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін прокуратура жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бұрынғы қызметкері Ж. арқылы сот жүйесінің қызметкерлеріне ірі мөлшерде пара беруге жәрдемдесті деген күдікке ілінді.
Ж. прокуратурада әкімшілік лауазымды атқара отырып, бірақ жедел қызметкер болмаған. Қылмыс жасау кезінде жұмыссыз болған.
Биыл 8 маусымда тергеу соты санкциясымен бұл адамдар қамауға алынды.
Соталды тергеу жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова