Астанада полицей атын жамылған алаяқ Өзбекстан азаматынан ақша бопсалаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Соталды тергеп-тексеру барысында ер адам шетелдік азаматтан белгісіз әйелді жәбірлегенің үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпаймын деп 200 мың теңге талап еткені анықталды. Полиция атын жамылған алаяқ 200 мың теңге көлеміндегі қаражатты алған жерде ұсталды", - делінген хабарламада.
ҚР ҚК-ның 190-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азаматтың елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!