Астанада полицейлер қылмыстық топты ұстады

Фото: Видео кадры

Полиция Астанада қылмыстық топты ұстау кадрларын көрсетті. Ұсталғандар кабельдерді ұрлаумен айналысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Астанада полиция "крот" әдісімен кабельді ұрлаумен айналысқан үш қаскүнемнен тұратын қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Олар түнгі уақытта кәріз люктері арқылы жерасты құдықтарына түсіп, ұрлық жасаған.

Қылмыс орнын тінту барысында полицейлер тазартылған мыс кабель өнімдерінің жеті қапшығын және үш радиостанцияны тапты. Сондай-ақ алып-сатардан электрон және механикалық таразылар мен мыс кабель өнімдері тәркіленді.

Топ мүшелері бұл әрекетті мойындады және ұрлықтың бес дерегіне, оның ішінде трансформаторлық қосалқы станциядан мыс шиналарын ұрлауға қатысы бар екенін растады. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә