- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада полицей мінген...
Астанада полицей мінген көлік жантүршігерлік апатқа ұшырады (видео)
Астанада жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан 27 жастағы жүргізуші полицейдің жеке көлігін қағып кетті. Екі жүргізуші де қалалық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 27 қарашада болған.
"Daewoo Matiz көлігін мінген жүргізуші әл-Фараби көшесінің жанынан Ұлы Дала көшесімен келе жатып, Қайсенов көшесінің қиылысында, реттелетін қиылыста солға бұрылған кезде қарсы келе жатқан көлікке жол бермеген және қарсы бағыттан тура келе жатқан Honda Civic маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші де қалалық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады полиция департаменті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ведомствоның хабарлауынша, Honda жеке автокөлігінде полиция қызметкері отырған. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан