Астанада пәтерін жалға берген үй иесі тұрғындардың кесірінен шығынға ұшырады

Астанада пәтерін жалға берген үй иесі тұрғындардың кесірінен шығынға ұшырады
Фото: depositphotos.com

Астанада пәтерін жалға берген үй иесі тұрғындардың әрекетінен шығынға ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жәбірленушінің айтуынша, жас қыз алты ай бойы пәтерін жалға алған. Бастапқы төрт айында жалдау ақысын уақтылы төлеп отырған, содан кейін қаржылай қиындықтар туындағандықтан, үй иесі төлемді уақытша кейінге қалдыруға рұқсат берген.
Алайда, қаскүнем қыз сенімді пайдаланып, пәтер иесінің телевизоры мен үтігін ломбардқа өткізіп, артынша байланысын үзген.

Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы аудандық ПБ АПБ қызметкерлері 25 жастағы елорда тұрғынын анқытады.

Астана қаласы Полиция департаменті жалға берушілерге жалға беру шартын толтыру кезінде мұқыяит болуды ұсынады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина