- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада "пәтерлерді жалға...
Астанада "пәтерлерді жалға берген" интернет-алаяқтар ұсталды
Астанада "пәтерлерді жалға берген" интернет-алаяқтар ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері қазақстандық сауда интернет-алаңдарында пәтерлерді жалға беру туралы жалған хабарландырулар орналастыру арқылы интернет-алаяқтықпен айналысқан бұрын сотталған адамдардан құралған қылмыстық топтың жолын кесті.
Іздеу іс-шаралары кезінде күдіктілерден заттай дәлелдемелер тәркіленді. Олардың Қазақстан азаматтарына қатысты бірқатар интернет-алаяқтық жасағаны анықталды.
Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина