Астанада алаяқ жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп азаматтарды алдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бір ай ішінде жеңілдетілген несие алуға уәде берген алаяққа азаматтар ақша аударған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты.
"Ол өзін ұлттық компания қызметкерімін деп таныстырып, қызметін 100 мың теңгеге бағалап, жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған", - деп жазылған хабарламада.
16 азаматты алдаған елорда тұрғынына сот үкімі шықты. Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!