Астанада өзін полицей ретінде таныстырған алаяқ сотталды

Астанада өзін полицей ретінде таныстырған алаяқ сотталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астанада өзін полицей ретінде таныстырған алаяқ сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жүргізуші куәлігін алуға және көлікті қайта рәсімдеуге жәрдем беремін деп жәбірленушілерді алдаған.

Жәбірленушілерден 1 млн теңгеден аса қаражат алып, өз міндетін орындамаған және ақшаны өз қалауынша жұмсаған.

"Сот үкімімен оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Үкім заңды күшіне енді", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget