- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада өзгенің көлігін...
Астанада өзгенің көлігін теуіп, айнасы мен бамперін сындырған тұрғын қамауға алынды
Астананың әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген тұрғынға қатысты істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Іс материалдарына сәйкес, құқықбұзушы Т. жәбірленуші М.-ға тиесілі көлік құралын теуіп, айнасын, алдыңғы бампері мен жарық шамын қасақана бүлдіріп, материалдық шығын келтірген.
Сот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындады.
Жасалған құқықбұзушылық бейнежазбада, полиция инспекторының баянатында және жазбаша түсiнiктемеде қамтылған нақты деректермен расталды.
"Сот қаулысымен Т. ӘҚБтК 147-бабының 1-бөлігі бойынша құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ӘҚБтК 40-бабының 2-бөлігінде көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін жасалған әрекеттің мәні мен қоғамға қауіптілік дәрежесі ескеріле отырып, оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды", - делінген сот қаулысында.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан