Астанада отшашу ұйымдастырғандар қамауға алынды

Астанада отшашу ұйымдастырғандар қамауға алынды
Фото: ІІМ

Астанада түнгі уақытта отшашу ұйымдастырғандар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Омниканал жүйе арқылы Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласында салют атылғаны туралы хабарлама түскен. Тексеріс барысында полиция қызметкерлері 20 жастағы тұрғынды анықтаған.

Сот шешімімен ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бес тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Тағы бір жағдайда Темірбек Жүргенов көшесінде пиротехникалық бұйымдар іске қосылғаны тіркелген. Учаскелік полиция инспекторлары 19 жастағы тұрғынды анықтаған. Тексеріс барысында ол бұл әрекетті сүйіктісінің туған күнін атап өту кезінде жасағаны белгілі болған.

Сонымен қатар, Алматы ауданында түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды іске қосу дерегі анықталған. Түн ортасына таман мейрамханалардың бірінің маңында 19 жастағы тұрғын пиротехниканы іске қосқан.

"Бұл дерек бойынша жігіт ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған бес тәулікке әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалды", - деді полиция.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget