Астанада өртті сөндіруге қажет құралдарды ұрлаған ер адам ұсталды

Астаналық полицейлер өрт сөндіру түтігін ұрлаған адамды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі астаналық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астана қаласы "Есіл" ауданы ПБ-ның полицейлері өрт сөндіру түтіктерін ұрлаумен айналысқан 33 жастағы ер адамды анықтады.

Тергеу барысында ер адам түнгі уақытта Мұхамедханов көшесіндегі тұрғын үйдің подъезіне кіргені белгілі болды. Баспалдақпен ешкімге байқатпай көтерілген ол жақын маңда ешкім жоқ екеніне көз жеткізіп, арнайы орында сақталған өрт сөндіру түтіктерін ұрлауға кіріскен. Осылайша, тоғыз дана өрт сөндіру түтігін жымқырып, ұрланған тауарды базарға апарып сатып жібергені белгілі болды.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!