Астанада сағат 15:48-де Ақбұлақ-3 ш/а үйдің 4-қабатындағы пәтердің 20 шаршы метрі өртенген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Өрт толықтай сағат 16:26-да сөндірілді.
"Пәтерден әйелдің мәйіті табылды. Жергілікті жерде ТЖД-ның 13 адамы мен 3 техникасы жұмыс істеді", - делінген хабарламада.
Мамандар өрттің себебін анықтап жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!