Астанада орталық көшелердің бойында көліктерді қоюға уақытша тыйым салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада 2-4 шілде аралығында ШЫҰ саммитін өткізу кезеңінде террористік қауіптіліктің "сары" деңгейі енгізіледі.
"Бұл соның ішінде жекелеген аумақтарда көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына шектеулер енгізуді білдіреді. Осыған байланысты "сары" деңгейдегі іс-қимыл кезеңінде тұрғындарға Мәңгілік ел даңғылы, Достық, Түркістан, Қонаев және Қабанбай батыр даңғылдарының бойында орналасқан тұрғын үй кешендерінің жанындағы автотұрақтарды пайдалануға тыйым салынады", - делінген Астана әкімдігі таратқан хабарламада.
Әкімдік көліктерді аулалардың ішінде немесе жоғарыда белгіленген көшелерге параллельді/іргелес қоюға тыйым салынбайтынын хабарлады.
"Сондай-ақ бұл күндері қоғамдық көліктер осы көшелер бойымен жүрмейді. Тұрғындарға CTS әлеуметтік желілерінде жариялап, балама маршруттар ұсынылады", - деп хабарлады әкімдік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!